Люксембургте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің мәліметінше, еліміздің Люксембургтегі Құрметті Консулдығы және «Eurasian Resources Group» компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Люксембургте мерейтойлық поштамаркаларын шығаруды қолға алды.

Люксембург почта маркасында ҚазақстанТәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Поштамаркаларды күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый өнімдеріретінде пайдалануға болады.

Люксембург – әлемдегі ең ірі пошта және телекоммуникациялық қызметтерді жеткізуші елдердің бірі. Люксембург өзінің поштамаркаларын алғаш рет 1852 жылы 15 қыркүйекте шығарды, ал алғашқы ұлттық поштамаркаларының көрмесі 1946 жылы 28-29 шілдеде Дюделанж қаласында  ұйымдастырылды.

Аталған марка «Post Luxembourg» ұлттық пошта компаниясының қолдауымен шығарылды. 170 жылдан астам уақыт ішінде «Post Luxembourg» ел тұрғындарының пошта қажеттіліктерін жоғары сапалы қызметтермен қанағаттандыр аотырып, олардың өмірінде басты рөл атқарады. Алғашқы мерейтойлық даналар Люксембург Ұлы Герцогтігінің мемлекеттік құрылымдарының, ұйымдарының, компанияларының, сондай-ақ Люксембургтегі «Қазақстан-Люксембург» қазақтар қауымдастығының өкілдеріне берілді.

 

Дерек көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/270839?lang=kk

Фото: ашық дерек көздерінен

Көбірек оқыңыз