"Манас" эпосы неміс тілінде жарық көрді

Манас эпосының  комикстер түрінде бейнеленген жинағы  неміс тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Германияның Қырғызстандағы елшілігі.

manas-1jpg 

"Манас" эпосы-классикалық қырғыз әдебиетінің  жауһары, сондай-ақ түркі халықтарына ортақ қазына. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі ретінде дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жыр арқылы тарап, халық есінде сақталған. Жазбаша нұсқасының  бір үлгісі жарты миллионға жуық жолдан тұрады. Бұл  көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиадасын қоса есептегендегі көлемінен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есеге асып түседі.

manas-63jpg 

manas2jpg 

Қырғыз-герман дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығы аясында біз ерекше бір нәрсе ойластырдық. Бұл комикстер түріндегі бейнеленген неміс тіліндегі "Манас" эпосы! Біз тек басылып шыққан  алғашқы жинақты қолымызда ұстауға аса  қуанышты болдық! Жаңалықтарды қадағалаңыздар!"- делінген  елішіліктің хабарламасында.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Суреттер: bischkek.diplo.de

Көбірек оқыңыз