Марокко 2025-2026 оқу жылына 20 білім грантын ұсынады
Марокко Корольдігі 2025–2026 оқу жылына серіктес елдерден келген студенттерге арналған білім беру гранттарын жариялады. Бағдарлама аясында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде білім алуға 20 грант бөлінді. Үміткерлер Марокконың мемлекеттік жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім ала алады.
Оқу негізінен француз тілінде өтеді. Тілді меңгермегендер үшін Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында дайындық курстары қарастырылған.
Алайда грантқа елде тұрақты тұратын шетелдіктер, жергілікті жоғары оқу орындарының түлектері, сондай-ақ елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
Бакалавриатқа қабылдану шарттары:
-
2024 жылы алынған орта білім аттестаты;
-
Үлгерімі «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» деңгейде;
-
Жасы 19–23 жас аралығында.
Магистратура мен докторантура талаптары:
-
Магистратура үшін – жоғары білім туралы диплом және орташа балдың «жақсыдан» төмен болмауы;
-
Докторантура үшін – магистр дәрежесі немесе баламалы білім.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 31 шілдеге дейін.
Өтініштер www.marocalumni.ma сайтында және Қазақстанның Мароккодагы Елшілігінің электронды поштасына жіберілуі тиіс: kazembmar@gmail.com
Қажетті құжаттар:
-
Үлгерім кестесі;
-
Туу туралы куәлік;
-
Азаматтық пен соттылығы туралы анықтамалар;
-
Медициналық анықтама;
-
Төлқұжат (бар болған жағдайда);
-
Білім туралы құжаттар мен француз тіліне аудармалары.
Грант ай сайынғы шәкіртақыны (750 дирхам), медициналық сақтандыруды және тұрмыс пен тамақтануға өтемақыны (өтінім бойынша) қамтиды.
Бағдарлама туралы толық ақпарат www.amci.ma және www.enssup.gov.ma сайттарында қолжетімді.