Марста сұйық күйдегі су табылды

Марста сұйық су табылды, деп хабарлайды ВВС. Су қоймасы жар қабаттарында жатыр. Планетаның бетінен 10-20 шақырым тереңдікте сұйық күйіндегі су табылған. Бұл деректер Марста 2018 жылдан бері жұмыс істеп жатқан NASA Mars Insight Lander бортындағы сейсмометрдің көмегімен алынды. 
Сейсмометр Марстағы жер сілкінісімен байланысты  мамандар сұйық суға тән сейсмикалық сигналдарды анықтаған. Марс полюстерінде мұз бен буланған су бары бұған дейін белгілі болса да, жаңа деректер Марста су барын дәлелдей түседі.

* Фото: NASA.

Көбірек оқыңыз