Мейірім Нұрсұлтанов International атағын жеңіп алды

Кәсіпқой боксшы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңді, деп хабарлайды Sports.kz

meiirimjpg  

Мейірім Нұрсұлтанов Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақтағы WBO International атағы үшін күресті. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда күрес 5-ші раундта аяқталды. Қарсыласының қабағы жыртылып, ары қарай күресуге қауқарсыз болды. Нәтижесінде Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, ол WBO International атағын жеңіп алды. Мейірім күні бүгінге дейін бірдбір рет жеңіліп көрген емес. Қарсыласы ресейлік Андрейдің бұл кәсіби бокстағы екінші жеңілісі.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Сурет: @meiirim_n

Көбірек оқыңыз