Мектептерде «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің мектептерінде жаңа лауазым — педагог-кәсіптік бағдар беруші ресми түрде бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

.
Министрліктің мәліметінше, жаңа лауазым оқушыларға мамандық таңдау кезінде ерте кәсіби бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
• Оқушыларға болашақ мамандығын және білім беру бағытын таңдауға көмек көрсету;
• Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
• Кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыру;
• Жұмыспен қамту орталықтары, колледждер мен кәсіпорындармен байланыс орнату;
• Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер жайлы ақпарат тарату.
«Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейімделген, білікті әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға сеп болады», – делінген ресми хабарламада.