Мерген фильмі қос бірдей жүлдені иеленді

«Мерген» фильмінің әлемдік премьерасы ағымдағы жылдың жаз айында Канадада ұйымдастырылған жанрлық киноларға арналған халықаралық Fantasia кинофестивалінде өткізілді. Ал қазан айының соңында бұл туынды Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен халықаралық кинофестивальге қатысып, «Үздік триллер» жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Қазақфильм» баспасөз қызметі.

 

 

  Қысқаметражды «Мерген» фильмі Түркияда өткен  Golden Wheat Awards фестивалінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Қазақстандық кинотуынды «Үздік режиссер» (Райымбек Әлжанов) және «Үздік оператор» (Сардар Баймолдин) номинацияларында үздік деп танылды.
Фильмінің оқиға желісі  XVII ғасырдағы Ұлы даладағы соғыс кезінде өрбиді. Аталған фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қорғауға бел буған Мерген есімді жасөспірімнің өмірі баяндалады.

Қысқаметражды фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Сонымен қатар, ҰКҚМО қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы таспалаған Мерген және т.б. қысқаметражды фильмдерді Алматыда қаласында 23-26 қараша аралығында «Арман» кинотеатрынан көруге болады. Сондай-ақ бұл фильмдер 7-10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілетін болады. Көрсетілімдердің кестесі «Қазақфильмнің» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында  жарияланатын болады.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Фото: баспасөз қызметі архивінен

Көбірек оқыңыз