Мөлдір Әшірбекова – MMA чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, MMA IMMAF бойынша еліміздің тұңғыш чемпион қызы атанды. 74,8 келі салмақта өнер көрсеткен Мөлдір Әшірбекова алтын медаль жеңіп алды.
Ширек финалда ол анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық спортшы Джорджина Людмиланы 11:1 есебімен ұтты. Ал финалда мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесуінде қарсыласын 13:1 есебімен тас-талқан етті.
«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш MMA чемпион қызы. Бұл – тарихи жеңіс!» – деп атап өтті Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясы.