Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді

2 шілде күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы Nazarbayev University-де ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді. Іс-шараны университет жанындағы NU Poetry клубы ұйымдастырады.

Мұхтар Шаханов — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлттық рухты ұлықтаған, экология, тіл, руханият және әділет мәселелерін батыл көтерген қайраткер тұлға. Ол — Желтоқсан көтерілісіне қатысты шындықты алғашқылардың бірі болып айтқан, Арал тағдырына әлем назарын аудартқан ақын. Оның "Төрт ана", "Отырар", "Өмір – өзен" сияқты поэтикалық шығармалары қазақ оқырманының рухани қазынасына айналды.

Шара барысында көрермендер ақынның өлеңдерін тыңдап, өзекті сұрақтарға тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар NU оркестрі Мұхтар Шахановтың “Өмір – өзен” әнін орындайды, ал кеш аясында ақынның қолтаңбасы қойылған кітаптар сатылымға шығарылады.

Айта кету керек, дәл осы күні, 2 шілдеде Мұхтар Шаханов 83 жасқа толады. Шығармашылық кеш — ақынның туған күніне орайластырылған мерекелік рухтағы мәдени шара.

Кеш Nazarbayev University ғимаратындағы Senate Hall залында, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайында өтеді. Шараға әдебиет сүйер қауым, жастар мен студенттер қатыса алады.

мәдениет
Көбірек оқыңыз