NASA Juno аппараты арқылы Юпитердің ең айқын суреттерін жариялады
NASA-ның Juno ғарыш аппараты Жерге Юпитердің ең айқын суреттерін жіберді.
Суреттер 23 қазан күні планетамен жақындау кезінде түсіріліп, 6 қарашада жарияланды.
Juno 2016 жылдан бері Юпитердің орбитасында айналып жүр. Оның миссиясы газ алыпының шығу тегі мен эволюциясын зерттеуге бағытталған. Ол 2025 жылдың күзінде аяқталады. 2021 жылы Juno Юпитердің бұлттары мен дауылдарының суреттерін жіберген болатын. Сонымен қатар, NASA Юпитердің Еуропа серігіндегі өмір іздеуге арналған Europa Clipper аппаратын ұшырды.