Наурыз ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Түркия, Түрікменстан және Үндістан елдері Наурыз мерекесін ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар репрезентативтік тізіміне қосты.
Бұл қадам Наурыздың көктемнің, жаңарудың және бірліктің символы ретіндегі маңыздылығын айқындап, дәстүрлерді сақтау мен халықтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.