Netflix Әмір-Темір туралы фильмнің түсірілімін аяқтады

Netflix ұсынған «Темірлан: Соңғы жаулаушының өмірі» атты жаңа тарихи драманың түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл жоба — Әмір-Темірдің болмысына жаңаша көзқараспен қарауға үндейтін маңызды туынды.

Фильм режиссері – Джейкоб Шварц, сценарий авторы – Мэтью Грин. Әмір-Темірдің рөлін Кристиан Мортенсен сомдайды. Түсірілім жұмыстары Өзбекстан мен Қазақстанда өткен.

Жобаның авторлары Темір тұлғасына тарихи стереотиптен тыс қарап, оны тек қылышқа сүйенген жаулаушы емес, өз заманындағы өркениет көшбасшысы ретінде бейнелеуге тырысқан.

«Темір тек стратег немесе әскери көсем ғана емес. Ол әділет пен тәртіпті жаңа өркениет деңгейінде ұсынған тарихи фигура. Оның билігі – тек жаулап алу емес, рухани негізі бар жүйе құру жолындағы күрес», – делінеді фильм сипаттамасында.

Фильмнің премьерасы 2025 жылдың жазының соңында Cinerama.uz платформасында өтеді деп жоспарланған. Netflix жобасы түркі әлемі тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі – Әмір-Темірдің шынайы болмысын заманауи аудиторияға терең жеткізуді көздейді.

Кино
Көбірек оқыңыз