Netflix платформасындағы алғашқы Қазақстандық фильм
Netflix платформасында тұңғыш рет қазақстандық фильм таспаланбақ. Режиссер Катерина Суворованың «Ертең теңіз» атты фильмі қазіргі таңда Еуропа мен АҚШ-ғы платформа қолданушыларына ғана қолжетімді. ТМД елдеріндегі көрермендерге жақын арада жол тарпақ.
"Ертең теңіз" фильмі – Арал теңізінің жойылуы, және тартылған су қоймасының жағасында тұратын халық туралы толықметражды фильм. "Аулайтын балығы жоқ балықшы, тұзды шөлде ағаш өсіретін бағбан, құрғақ теңіздің түбін зерттейтін гидробиолог, кемелердің қирандыларын мекендейтін қарақшылар... Олардың барлығы үлкен апат орын алған жерде істейтін іс , өмір сүруге себеп таба білген. Теңіз кетті.. Мүмкін, бір күні ол оралады", - фильмнің сипаттамасы осылай берілген.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2016 жылы Локарно фестивалінде өткен. Сол жылы картина "Кинематографтың дамуына қосқан үлесі үшін" Қазақстан киносыншылары гильдиясының жүлдесіне ие болды. Бір жылдан кейін "Тұлпар" кинопремиясының үздік фильмі атанды. Фильмді шетелде де жақсы бағалады. 2017 жылы ол Парижде өткен Халықаралық жан Руш фестивалінің "Антропология және тұрақты даму сыйлығын" алды. Сонымен қатар, фильмді бірнеше халықаралық телеарналар сатып алды. Қазір ол әлемдегі ең үлкен Netflix платформасында көрсетілмек. Бұл туралы келісімшарт 2021 жылдың наурыз айында жасалды.
Режиссердің басты мақсаты Арал – бұл өмір тоқтаған жер деген стереотиптерді жою, өйткені бұл мүлдем олай емес. Онда әлі де адамдар тұрады, олар жұмыс істейді, өз туған жерлерін бұрынғыдай жақсы көреді. Фильмнің идеясы экологиялық апатты ғана емес, одан кейінгі адамдардың өмірін де көрсету.
Қазір ресейлік "КиноПоиск" және "Окко" сияқты платформаларының өкілдері де келіссөздер жүргізуде. Фильм бұл платформаларға да шығатын болса, онда ТМД елдерінің де Netflix-тен көру процесін едәуір жылдамдатады деген болжам бар.
Режиссердің айтуынша, қазір оның басты мақсаты – деректі кино саласы дамытуды қажет ететін сала екенін дәлелдеу. Оның туындылары әлемдік киноиндустрияда сұранысқа ие, оны көптеген елдерде қаржыландыруға дайын. Қазақстанда фильмдердің түсірілімін қаржыландыруға дайын адамдар өте аз. Ол бұл жаңалық қазақстандық киноиндустрияға жасалатын инвестициялар үшін өте перспективалы бағыт екенін дәлелдейтініне сенімді.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: из открытых источников