«Nomad» UFC турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық  Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship (UFC) аясындағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

sakaxjpg 

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 47 турнирінде Шавкат Гайана өкілі Карлстон Харристпен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті. Үш раундқа жоспарланған күрес отандасымыздың ептілігінен алғашқы раундта-ақ аяқталды.

Нәтижесінде «Nomad» лақапатынмен танылған Шавкат UFC-дегі үшінші, ал ММА-да 15 жеңісіне қол жеткізді. Бір қызығы отандасымыз барлық жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтайды.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Фото: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз