ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Халықаралық Олимпиада Комитетінің Президенті Томас Бах Париждегі ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын жабық деп жариялады. 


Билли Айлиш, Том Круз, Снуп Догг, Леонардо Ди Каприо сынды жұлдыздар думанды шоудың құрметті қонағы болды. Салтанатты кеш 80 мың адам сыятын «Стад де Франс» стадионында өтіп, шараға жергілікті өнерпаздар да қатысты. Онда 2028 жылғы ойындар өтетін Лос-Анджелес қаласының мэріне Олимпиада алауы табысталды. 

 Қазақстан құрамасы жабылу салтанатына Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали бастаған топ қатысты. 

Париж 2024 Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 7 медаль бар. Жалғыз «алтынды» дзюдошы Елдос Сметов алып, 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Сондай-ақ үш рет қазақстандықтар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Келесі Олимпиада ойындары 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Көбірек оқыңыз