Ташкентте Орта Азия әйелдер форумы Be Woman өтті
5 наурызда Ташкентте Орталық Азия әйелдерінің «Be Woman» атты бірінші форумы(@be Woman.asia) өтті.
8 елден 35-тен астам спикер арасында министрлердің кеңесшілері, қаржы секторының топ-менеджерлері, өнертанушылар, кәсіпкерлер және әлеуметтік жобалардың авторлары қатысты. Олар әйелдерді толғандыратын басты тақырыптарға тоқталып, түрлі салаларда әйелдер бастамаларын барынша қолдауды ұсынды.
"Орталық Азиядағы Әйелдер көшбасшылығы ерекше сипатқа ие. Әйел адамын мықты рух пен нәзік жан байланыстыратыны рас. Біз үшін отбасылық құндылықтар маңызды және бұл дәстүр әйелдер өз әлеуетін жүзеге асыратын басқа салаларда көмектеседі. Атап айтқанда өзіміздің стартаптарымызда, инновациялық идеяларымызда біз дұрыс құндылықтарға баса назар аударамыз", - деп атап өтті форумның идеясын шабыттандырушы Жанна Кан.