Отандық боксшылардан сүйінші хабар

Бокс әлемінде жұлдызы жарық жанған спортшылар тағы да өз жанкүйерлерін қуантты. Бірі көптен күткен жекпе-жекке шығатын болса, екіншісі шаршы алаңдағы жеңісімен сүйіншілетті.

boksjpg 

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) әлеуметтік желіде жанкүйерлері асыға күткен мәлімдеме жасады.

"Көптен күткен жекпе-жек аптасы басталды", - деп бөлісті боксшы өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

9 сәуір Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA суперчемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) үш белбеуді сарапқа салады. 

Бұл бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары трансляциялайды. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00. Ал Головкин - Мурата жекпе-жегі шамамен 19:00-де басталады.

saken-bibosynovjpg 

Сонымен қатар, олимпиада жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Thailand Open турнирін жеңіспен бастады

52 келі салмақта Сәкен қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбаймен кездесу өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.  Ширек финалға өткен Бибосыновтың келесі қарсыласы жергілікті боксшы Танарат Саенфет болмақ.

Айта кетерлігі Сәкен Бибосынов пен Санжар Ташкенбайдан бөлек бұл жарысқа тағы он қазақстандық боксшы қатысып жатыр. Алдағы уақытта отандастарымыз сүйінші хабармен тағы да қуантатынына сенімдіміз. Ел намысын қорғау үшін шаршы алаңға шыққан әрбір спортышымызға сәттілік тілейміз.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Суреттер: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз