Өткен аптадағы спорт жаңалықтарына шолу
Футбол: Елордалық «Астана» командасы румыниялық "Корвинул" командасын 6:1 есебімен есебімен жеңіске жетіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Самбо: Самбодан Чолпон-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Шаңғы роллері: Щучье қаласында шаңғы роллерінен Әлем кубогының 2-кезеңі өтті. Финалдық жарыстарға Қазақстан, Италия, Латвия, Швеция, Норвегия, Қырғызстан және Таиландтан 7 команда қатысты. Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрамасында 12 жүлде бар. Ең жақсы нәтижені Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Аида Хажиева, Әмірғали Мұратбеков, Григорий Дачкин және Берік Боранбаев көрсетті.
Жекпе-жек: Абу-Дабиде (БАӘ) аралас жекпе-жектен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Хоккей: Хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленсе, «Барыс» ХК қола жүлдеге ие болды.