Оxford қабырғасында қазақ тілі оқытылды

Әлемдегі ең көне университеттердің бірі Оxford қабырғасында студенттер ендіқазақ тілін де игере алады.Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook парақшасында хабарлады.  Екіжақты келісімге министрдің Ұлыбританияға сапары барысында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті қол қойды. Қазақстандық делегация өкілдері алғашқы оқу құралы болатын Oxford Qazaq сөздігін таныстырып, қолданысқа ұсынды.

«Бұл сөздік қазақ тілінің дүние жүзіндегі ең маңызды және негізгі 100 тілінің сөздік қорын біріктіретін жалпы жаһандық тіл корпусына енуіне үлес болып табылады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сөздікте қазақ және ағылшын тілдерінің қазіргі лексикасының ерекшеліктері, оның ішінде қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы және сауда салаларындағы жаңалықтар қамтылған. Сондай-ақ, сөздікте ағылшын және қазақ тілінің грамматикасы, орфографиялық және орфоэпиялық қысқаша нұсқаулықтар мен қазақ тіліндегі іскерлік және электронды хат алмасу үлгілері берілген.

«Оxford ағылшын тілі сөздігінің» әдіснамасы мен технологиясына сәйкес әзірленген сөздікті басып шығаруда 50-ден астам тәжірибелі тіл мамандары 4 жыл жұмыс істеді. Oxford Qazaq сөздігінің бірінші басылымы 60 мыңнан астам сөзден тұрады және 1300 бетті қамтиды. Таралымы 10 000 дана болған сөздікті басып шығаруда Оксфорд университетінің ресми рұқсатыберілген.

Қазақ-ағылшын тілдеріндегі Oxford Qazaq сөздігінің салтанатты тұсаукесері 2023 жылы 19 желтоқсанда Назарбаев университетінде (НУ) өткен. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әзірлеген Оксфорд баспасының тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздігі Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жасалды.

Қазақ тілі – Түркі тілдернің ішіндегі гауһары. Қазақ тілі ұлтымыздың шығу тегі мен тарихын, әдет-ғұрыптарын көрсетеді. Ұлтымыздың мәдениетін әлемдік аренаға шығару үшін  тіліміз жоғары деңгейде болуы маңызды.

 

Автор: Айнұр Болатқызы

Сурет: ашық дереккөздерінен

 

Көбірек оқыңыз