Париж -2024 Олимпиадасының екінші күнгі нәтижелері
Қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін Елдос Сметов алтын жүлдеше ие болған еді.
Александра Ле Париж Олимпиадасында 10 метрге пневматикалық нысана көздеу жарысында 631,4 ұпай жинап, 6-орынға шықты. Дәл осындай жарыс түрінде Арина Алтухова 627,7 ұпай жинап, 17-орынға ие болды. Ал ерлер арасында жекелей сынның іріктеуде Ислам Сатпаев 628 ұпай жинап, 21-сатыға табан тіреді. Ал Константин Малиновский 626.6 ұпаймен 32-орыннан көрінді.
Спорттық мансабын әйелдер боксынан бастаған екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Еуропаның күміс жүлдегері италиялық Джордана Соррентиноны бірінші айналымда 4:1 есебімен жеңді.
Семсерлесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалында жапон Коки Канодан ұтылса, Эльмир Әлімжанов Федерико Висмарадан (Италия) айласын асыра алмады. Ал Вадим Шарлаимов екінші кезеңде сүрінді.
Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа есе жіберді. Жекпе-жек 2-3 есебімен аяқталды.
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде жапониялық Кента Нисимотодан ұтылып қалды.
Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жұбаныш кезеңіндегі 3-ші алтылықта жарысып, мәреге төртінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші - 7:21.12.
Теннис: Қазақстандық спортшы А.Шевченко 18 жасар чех теннисшісі Я.Меншиктен 0:2 есебімен жеңілді.
Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан әзірге жетінші орында тұр. Екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.