Париж Олимпиадасына билеттің рекордтық саны сатылды: 8,8 миллионнан астам

2024 жылғы Олимпиадаға рекордтық 8,8 миллион билет сатылды, деп хабарлады Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннелл.

Сатылған билеттер саны Олимпиада ойындары үшін рекордтық көрсеткішті көрсетті. Себебі, бұл жолы 1996 жылы Атлантадағы Олимпиада ойындарында орнатылған 8,3 миллион билетті құраған алдыңғы рекордтан асып түседі.

Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі салалардың 30 мыңға жуық қызметкері тартылып, Олимпиада қалашығына 166 делегация тіркелді.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 80 спортшымен қатысады.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Көбірек оқыңыз