Париждің әйгілі Нотр-Дам соборы ұзаққа созылған қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көпшілікке қайта есігін ашуға дайын. BBC хабарлауынша, жұма күні Франция президенті Эммануэль Макрон жаңартылған тарихи ғимаратты аралап, оның жаңа кейпімен танысты.
Франция Президенті тарихи шіркеуге барып, оны қалпына келтіруге қатысқан жұмысшылар мен мамандарға алғыс білдірді.
2019 жылғы көктемде орын алған алапат өрттен кейін соборды қалпына келтіру жұмыстары 5 жылға созылды. Бұл ауқымды жобаға 250 компания мен 2000-нан астам маман қатысып, 700 миллион еуро жұмсалды. Қаржының едәуір бөлігі қайырымдылықтан жиналды.
Ресми ашылу салтанаты 7 желтоқсанға жоспарланған.