Париждегі Олимпиада ойындарына 209 қазақстандық делегация аттанады

Париждегі Олимпиада ойындарына 209 қазақстандық делегация аттанады. Олардың қатарында спортшылар мен жаттықтырушылар, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері бар.

Делегация құрамында барлығы 149 спортшы мен жаттықтырушы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінен 5 адам, ҰОК 10 адам, Спортты дамыту дирекциясынан 6 адам, Ұлттық спорт медицинасы орталығынан 23 медицина маманы және 16 БАҚ өкілдері болады.

Сонымен қатар ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтқан.

Қазақстан атынан 92 қатысу лицензиясы бар 25 спорт түрінен 80 спортшы қатысады. 

Бұл ойындарда Қазақстан 10 медаль алады деп болжануда.

Көбірек оқыңыз