Премьер-министр байланыс операторлары арасындағы сөз байласуға және тарифтерді негізсіз көтеруге жол бермеуді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Ол Қазақстандағы байланыс пен интернеттің сапасына ерекше тоқталды. Өткен жылдың өзінде осыған қатысты 21 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Биылғы жылдың соңғы 5 айында азаматтардан 11 мыңға жуық өтініш түскен.
«Бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерін мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Барлық операторлар үшін бағалар шамамен бірдей. Салық кодексінде операторлар үшін радиожиілік спектріне 90 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Бұл ретте, лицензиялық міндеттемелерге сәйкес оператор үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялауы қажет. Министрлік монополияға қарсы органмен бірлесе отырып, операторлардың өз міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуі керек немесе бағаны келісіп, тарифтерді өсіруге жол беруі керек», - деді Олжас Бектенов.
Speedtest Ookla деректері бойынша Қазақстан интернеттің орташа жылдамдығы (43,6 Мбит/с) бойынша әлемде 66-шы орында.
Өткен жылы қазақстандықтарды сапалы байланыспен қамтамасыз етуге арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Барлық шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды коммуникация желілерімен қамту 100 пайызға жетеді.
Ұялы байланыс пен интернеттің әлсіз сигналы шалғай елді мекендерде ғана емес, қалаларда, шекаралық бақылау бекеттерінде де байқалады. Премьер-министр бұл мәселені тез арада шешіп, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды.