Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңесте Ұлттық құраманың, спорт кешендерінің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық деңгейі, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері қарастырылды.
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарының ұлттық спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өте келе оны жоғары деңгейде өткізу қажеттігін еске салды. Бұл шара халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін және қонақжайлылығымызды көрсетуге мүмкіндік екенін алға тартты. Сондай-ақ мемлекет басшысы меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасауға назар аударды.
Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.