Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы берілді.

Оған айрықша ерекшелік белгісі — «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені табысталды.

Қалтай Сәмбетов — теміржол саласына 60 жылдан астам ғұмырын арнаған танымал сала маманы. Еңбек жолын небәрі 18 жасында Аягөздегі сигнализация және байланыс дистанциясының монтері болып бастаған. Инженерліктен бастап, Қазақстан темір жолының бірінші вице-президенті деңгейіне дейін көтерілген. Ұзақ жылдар бойы ол қозғалыс қауіпсіздігі бағытын басқарып, теміржол саласының дамуына орасан үлес қосты.

тұлға
Көбірек оқыңыз