Қан доноры күні қарсаңында елімізде ашық есік күні өтеді

2025 жылғы 13 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күніне орай, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ашық есік күнін ұйымдастырады. Іс-шара сағат 10:00-де Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10 мекенжайында өтеді.

Баспасөз туры мен ашық есік күні бір мезгілде еліміздің барлық аймақтарындағы қан орталықтарында да өткізіледі. Бұл бастама ерікті әрі өтеусіз донорлықты насихаттап, қоғам арасында қан тапсырудың маңызын түсіндіруді мақсат етеді.

Іс-шара барысында:

  • Трансфузиология орталығының жұмысымен танысып, донорлық жүйенің даму бағыттары жайлы мәлімет аласыз;
  • Қан қызметі саласындағы сарапшылардан сұхбат алып, өзекті мәселелерді талқылай аласыз;
  • Донорлықтың қоғамдағы маңызын БАҚ арқылы кеңінен жеткізе аласыз.

2025 жылғы Дүниежүзілік донор күнінің ұраны — «Қан тапсырып, үміт сыйлаңыз! Адам өмірін бірге сақтаймыз!». Бұл ұран донорлардың адам өмірін сақтап қалудағы рөлін көрсетіп, қоғамды үнемі қан тапсырып тұруға ынталандыруға бағытталған.

Сол күні, 13 маусымда, сағат 10:00-де Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында мерекелік іс-шара өтеді. Шараны ұйымдастырушы — Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.

Мерекелік кешке министрлік өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, ерікті донорлар мен эстрада жұлдыздары қатысады. Бағдарламада ведомстволық марапаттар тапсыру және концерттік бағдарлама қарастырылған.

Негізгі мақсаттар:

  • Донорлықтың маңыздылығын қоғамға жеткізу;
  • Қан қорын толықтыру үшін тұрақты қан тапсырудың қажеттілігін еске салу;
  • Ерікті донорлықты ынталандырып, оның жастар арасындағы рөлін арттыру.

Өңірлік қан орталықтары:

  • Павлодар — Тлешова Жанар Еркиновна +7 778 605 2359
  • БҚО — Назира Елемескызы +7 707 804 0799
  • Абай облысы — Турарова Сауле Курмангалиевна +7 747 525 0094
  • Жетісу — Жанатбекова Мадина Ержановна +7 708 374 6457
  • Атырау — Турениязова Арайлым Лесовна +7 701 909 8890
  • Тараз — Сабирова Гаухар Сейдильдаевна +7 778 490 3421
  • Өскемен - Мустафина Мира Акылбековна +7 705 752 0964
  • Көкшетау — Манапова Айнура Адилхановна +7 778 789 1118
  • Алматы — Сайлауова Бану Сүйінішқызы +7 778 842 7675
  • Шымкент — Сайлаубек Дана Бахтиярқызы +7 747 317 3439
  • Ақтөбе — Тасбулатова Жанаргуль Муратбаевна +7 708 261 2880      
  • Қызылорда —  Абубакирова Алия Жуматаевна +7 747 054 7678
  • Қарағанды —  Гоева Зара Руслановна +7 775 704 5742
  • Петропавл — Клименова Ирина Сергеевна +7 771 135 5575\+7                        
  • Маңғыстау — Орынғалиева Ақдидар Ісемғалиқызы  +775 069 5096

пресс-анонс
Көбірек оқыңыз