Қандастарға берілетін квота көбейеді
2024 жылы Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушыларға берілетін квоталардың бөліну ережесі өзгереді. Қоныс аударушылар квотасы қысқарып, қандастарға берілетін квота көбейеді.
Қазіргі таңда қандастарды қабылдау өңірлік квотасы 2433 адамды, ал 2024 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 7050 адамды құрайды.
Аталған өзгерістер өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша енгізіліп жатыр.
«Қандастарды қабылдаудың белгіленген квотасы 600 адамға артып отыр, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын дәл осы санға қысқарту арқылы квотаның жалпы көлемі өзгермейді. Өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша өзгерістер енгізілуде», – деп түсіндірді құжатты әзірлеушілер.