Қарағандыдағы «Абай» шахтасында 155 адам эвакуацияланды

7 қараша күні сағат 20:29-да Қарағанды қаласындағы «Абай» шахтасында электр қуатының үзілуі салдарынан 155 жұмысшы эвакуацияланды. Электр энергиясының тоқтауы «Қарағанды» ЖШС-ның №9 трансформаторлық станциясындағы ақаудан болды. Шахтадағы кешкі ауысымда жұмыс істеп тұрған қызметкерлер жедел түрде жер бетіне шығарылды.

Қазіргі уақытта Qarmet АҚ электр қуатын қалпына келтіріп, шахтаны жұмысқа қайта дайындау жұмыстарын жүргізуде. Барлық қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жұмыс қайта жалғасуға дайын.

Көбірек оқыңыз