Қасым-Жомарт Тоқаев Францияда мемлекеттік қабылдауға қатысты
Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді. Тоқаев Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс айтты. Қабылдауға Франция үкіметі мүшелері, саясаткерлер, іскер топ, ғылым және дипломатия өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері қатысты.