ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АҚКЕРБЕЗ ЫСҚАҚҚЫЗЫ «ҚАЗАҚ АРУЫ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Қазақ аруы-2024» байқауының финалында 21 ару бақ сынасты. Қызылордадан келген 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызына халықтың 30,04% дауысы беріліп, жеңімпаз атанды.

Биыл байқау жеңімпазы алғаш рет қазылар алқасының шешімімен емес, халықтық дауыс беру нәтижесінде анықталды.

Ақкербез Ысқаққызы жеңісінен кейін желіде жазба жариялап, өзін қолдаған жандарға алғысын айтты.

"Аллаға шүкір! Қолдаушыларым сіздерге шын жүректен мың алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз маған үлкен күш береді. Бірге бола отырып, алға қарай жетістікке жетеміз деп сенемін. Әрқайсыңыздың маңызыңыз зор", - деп пікір білдірді ару.

Байқауда екінші орынды Алматы қаласынан қатысқан Ақерке Серікжан иеленіп, 14,07% дауыс жинады. Үшінші орынға 9,04% дауыспен алматылық Назерке Мырзағалиева лайық деп танылды.

Көбірек оқыңыз