Қазақ қызы тұңғыш рет Антарктиданы жүзіп өтті

Қазақстандық спортшы Әнел Сытдықова ТМД елдері арасында тұңғыш рет Антарктиданың мұздай суын жүзіп өтіп, ерекше жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Sportministri Instagram парақшасы хабарлады.

Әнел 750 метр қашықтықты небәрі 18 минут 58 секундта еңсерген. Сол сәтте судың температурасы -1,4 градус болған, ал желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырымға жеткен.

«Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте салқын болды. Судың салқындығы -1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктида мұздай құшағын ашқан аз ғана адамның қатарында болу мен үшін ерекше оқиға болды», - дейді Ә.Сытдықова.

 

 

Көбірек оқыңыз