«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау үшін 5 миллион доллар бөледі

«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғау мақсатында 5 миллион доллар бөлетінін хабарлады. Бұл қаражат көлдің экологиялық жағдайын зерттеу мен сақтау үшін ғылыми жобаларды қолдауға бағытталады.

Компанияның Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Бакуде өткен халықаралық конференцияда бұл бастаманы таныстырып, Балқаштың экосистемасын зерттеу және аймақтың су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіруге ниетті екенін атап өтті.

«Балқаштың экологиясын сақтау — тек аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды. Бұл көлдің болашағы миллиондаған адамға, аймақ экономикасына және еліміздің дамуына тікелей әсер етеді. Біз әлемдік қауымдастықпен бірлесіп, осы мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», — деді С.Шаяхметов.

Көбірек оқыңыз