Қазақстан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БРИКС серіктесі атанады
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі елдің 2025 жылдың басынан бастап БРИКС ресми серіктесі атанатынын растады. Бұл шешім ұйымның Қазанда өткен саммитінде жарияланды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров нақты датаны атап өтті: «Қазақстан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап серіктес ел мәртебесін алатынын растаймыз».
Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанның БРИКС-ке толыққанды мүше ретінде қосылу жоспары жоқ екенін мәлімдеген болатын. Алайда, бір жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның әлеуетін дамытуға үлес қосуға дайын екенін білдірген еді.
Осылайша, жаңа мәртебе Қазақстанның халықаралық ірі платформалардың бірімен өзара әрекетін кеңейтуін растайды.