Қазақстан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды.

 

 

Блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық додасының финалына шыққан болатын. Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үштігі ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасынан 235:236. – есебінде бір ұпай айырмасымен ұтылды. 

Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан еншісіндегі екінші медаль. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігінің қола медалін иеленген. 

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көздеріне

Көбірек оқыңыз