Қазақстан COP29 аясында Ақмола облысында алғашқы «жасыл» курорттың құрылатынын жариялады

COP29 конференциясында Қазақстан Ақмола облысы, Ақкөл ауданында алғашқы экологиялық «жасыл» курорттың ашылатынын хабарлады. Жоба тұрақты туристік инфрақұрылым құруды көздейді.

2023 жылы ашылған «Wyndham Residences Aqkol» қонақ үйі экологиялық талаптарға сай, энергия үнемдеу және су сүзу жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, курорт жергілікті өнімді сатып алу арқылы фермерлерді қолдайды.

Жобаны жүзеге асырушы «TӦR`RE» компаниясы мемлекеттік субсидияның орнына салықтық кірістер арқылы қайтарымды инвестициялық модель ұсынды. Бұл әдіс экономикалық өсім мен жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Қазақстан бұл жобаны экологиялық туризмді дамыту және «жасыл» экономикаға көшудегі маңызды қадам ретінде қарастырады.

Көбірек оқыңыз