Қазақстан киберспорттан әлем чемпионатын қабылдай алады
Сондай-ақ, дзюдодан "Үлкен Дулыға" турнирін өткізуі де мүмкін.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Орлов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) және халықаралық киберспорт Федерациясының (IESF) бас директоры Влад Маринескумен кездесулер өткізді.
Тараптар ҚР-да екі ауқымды спорттық турнирді: дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирлерін және киберспорттан әлем чемпионатын өткізуді талқылады. Министр мұндай іс-шаралардың жастарды спортқа тартудағы маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның киберспорттан келесі Әлем чемпионатын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Фото: Чемпионат.ком