Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығына 29 жыл

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 29 жыл. Қазақстан 1993 жылы Еуроодақ жанындағы өз өкілдігін, ал 1994 жылы ЕО біздің елде  өзінікін ашқан еді.

Еуропалық Одақ Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі. Президент Қ.Тоқаев 2021 жылғы қарашада Брюссельге сапары кезінде соңғы үш онжылдықта Қазақстан мен ЕО сенімге, өзара құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастар орнатқанын атап өтті.

elsilik-2jpg 

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі: кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (2021 жылғы 1 наурызда күшіне енді) ол сауда мен инвестициядан бастап ғылым мен туризмге дейінгі ынтымақтастықтың 29 саласын қамтиды.

Тараптар КӘЫК-ті толық имплементациялауға үлкен мән береді. Жасыл экономикаға көшу, «Еуропалық жасыл мәміле» шеңберінде жасыл технологияларды пайдалану, климатқа және коронавирус пандемиясына қарсы күрес және т. б. салалардағы ынтымақтастық маңызды бағыттар болып табылады.

elsilik-3jpg 

ЕО Қазақстан экономикасына инвестицияларының жалпы көлемі 160 млрд. АҚШ долларын құрайтын ірі инвесторлардың бірі. Өз кезегінде біздің еліміз ЕО-ның аймақтағы жетекші сауда серіктесі. Екіжақты сауданың жалпы көлемі 24 млрд.

Одақтың Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберіндегі Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастығы да маңызды.

2021 жыл Қазақстан-Еуропа қарым-қатынастары үшін серпінді жыл болды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Брюссельге алғашқы ресми сапары барысында ол Еуропалық кеңес пен комиссияның басшылығы Ш. Мишель және У. фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді. Сапар ынтымақтастыққа қуатты серпін беріп, тараптарға барлық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстыруға мүмкіндік берді және қатынастардың перспективалық бағыттарын белгіледі.

Сондай-ақ, ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыхан, ҚР Мәжіліс Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан, Әділет министрі М.Бекетаев, Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов және т.б. сапарлар өтті.

2022 жыл да мазмұнды және жемісті болады деп үміттенеміз және достық және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін ЕО басшылығының жауапты сапаларын күтеміз, - деп хабарлайды Беглия Корольдігіндегі ҚР-ның елшілігі.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Суреттер: www.gov.kz

Көбірек оқыңыз