Қазақстан қоғамдық орындарда паранджа киюге тыйым салуды көздеп отыр
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи дін мәселелерін, деструктивті және дәстүрлі емес діни ағымдарды реттейтін заң жобасын қарау керектігін айтты.
Ермұрат Бапи көтерген мәселе аясында заң жобасы енгізіліп, біраз мәселені шешуге болады.
«Заң жобасы қабылданғаннан кейін елдегі көптеген мәселелер шешімін табады. Соның ішінде мектептегі хиджаб мәселесі де назарға алынған. Мен бұл заң жобасының бастамашысымын, қандай стандарттар белгіленетінін де білемін. Бірақ мен алдын ала ештеңе айта алмаймын, өйткені құжаттың стандарттары жұмыс тобының отырысында талқыланады», — деді Ермұрат Бапи.
Сондай-ақ, ол қоғамдық орындарда паранджа киюге тыйым салу керектігін жеткізді.
«Мен осы жұмыс тобының мүшесімін, соңғы шара ретінде мен мұндай ережені енгіземін», - деп сендірді ол.