Қазақстан құрамасы «Belgrade Winner» турнирінде жеңімпаз атанды
Сербияда өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары жалпыкомандалық есепте 13 жүлдемен бірінші орынға шықты.
@sportqazaq мәліметінше, отандық спортшылар 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Нұрбек Мұрсал турнирдің үздік боксшысы атанды.
Алтын жүлде иегерлері:
• Нұрғиса Тұрабеков (48 кг)
• Рамазан Нұрлыбаев (51 кг)
• Нұрсұлтан Алтынбек (57 кг)
• Жансері Көшербаев (60 кг)
• Нұрбек Мұрсал (71 кг)
• Санжарәлі Бегалиев (75 кг)
• Дәурен Мамыр (86 кг)
• Нұрасыл Асылхан (92+ кг)
Күміс жүлдегерлер:
• Бексұлтан Боранбек (54 кг)
• Илья Калинин (67 кг)
• Бақберген Әлиасқаров (75 кг)
• Ильяр Аширов (80 кг)
Қола жүлде иегері:
• Бекзат Мақжан (63.5 кг)
Қазақстандық боксшылар кезекті рет әлемдік деңгейде өз мықтылығын дәлелдеп, халықаралық рингте ел намысын абыроймен қорғады.