Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

2025 жылғы 14 маусымда волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:15) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиландты айқын басымдықпен — 3:0 есебімен жеңіп шықты.

Чемпионат қорытындысы бойынша:

  • 1-орын – Қазақстан

  • 2-орын – Қытай

  • 3-орын – Таиланд

Сонымен қатар жарыс кезінде ерекше шеберлік танытқан бірнеше қазақстандық ойыншы жеке марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:

  • Эрик Каскабаев – үздік доп беруші,

  • Шыңғыс Медеуов – үздік либеро,

  • Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов финалдық кездесу туралы былай деді:

«Финал өте тартысты өтті. Қытай құрамасы алғашқы екі сетте басым болды. Дегенмен, біздің ойыншылар жігер мен шеберлік көрсетіп, соңғы үш сетте жеңісті жұлып алды. Бұл — Қазақстан үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль».

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–14 маусым аралығында өтті. Турнирге 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық құрамасы қатысты. Чемпионат нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

спорт
Көбірек оқыңыз