Қазақстан садақ атудан үздік үштікке енді
Бангладеште өтіп жатқан Азия чемпионатында садақ атудан Қазақстан командасы алғашқы медалін иеленді.
Классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы қола жүлдегер атанды. Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук үштігі кіші финалда Үндістан командасымен кездесіп, 220:208 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, құрлық додасының қола медалін еншілеп отыр.
Ал ерлер арасындағы жарыста Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көздерінен