Қазақстан халқы 20 миллионнан асты: қай қалада қанша адам тұрады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 252 242 адамға артқан.

Елде халқы ең көп қоныстанған қала – Алматы. Мұнда 2 292 333 адам тұрады. Екінші орында Түркістан облысы – 2 154 334 адам.

Миллионнан асқан қалалар мен облыстар:
    •    Астана – 1 528 887 адам
    •    Алматы облысы – 1 560 377 адам
    •    Шымкент – 1 256 263 адам
    •    Жамбыл облысы – 1 222 513 адам
    •    Қарағанды облысы – 1 133 984 адам

Астанада халық саны жылына 6,91%-ға өсіп, ең жоғары өсім көрсеткен. Алматыда бұл көрсеткіш 2,86%, Шымкентте – 2,80%.

Қалада тұратындар саны – 12 774 743 адам, ал ауылдық жерлерде – 7 511 341 адам.

Қазақстан жаңалықтар
Көбірек оқыңыз