Қазақстан халқының 5,4%-ының табысы күнкөріс деңгейінен төмен
2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстан халқының 5,4%-ы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыс табады, деп хабарлайды Ranking.kz.
Түркістан, Абай, Жетісу және Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш 8-9%-ға дейін жеткен. Өткен жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 49,9 мың теңгені құраған.
Сонымен қатар, 0,2% немесе 45,2 мың адам толық кедей санатына жатады, олардың табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен болған.
Осыған қарамастан, үкімет қосымша құн салығын (ҚҚС) көтеруді ұсынды. Бұл өзгеріс азық-түлік пен тауарлардың қымбаттауына алып келуі мүмкін. Бағаның өсуі халықтың төлем қабілетіне айтарлықтай әсер етіп, кедейлер санының артуына себеп болуы ықтимал. Ресми деректерге сәйкес, қазақстандықтар баспана мен азық-түлікке табысынан екі есе көп қаражат жұмсайды.