Қазақстан халқының саны 20,3 миллионнан асты

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 69,8 мың адамға артқан. Оның ішінде 63,4 мыңы – табиғи өсім, ал 6,3 мыңы – көші-қон есебінен тіркелген.

Халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында байқалды. Жаңа есепке сәйкес, елорда тұрғындары 29,7 мың адамға көбейген, оның 78,3 пайызы – көші-қон нәтижесі.

«Бұл – Астананың еңбек нарығы мен инфрақұрылымының көші-қон үшін тартымды екенін көрсетеді», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Сонымен қатар, көші-қон бойынша оң сальдо Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент және Астана қалаларында тіркелген.

Қазақстан жаңалықтар
Көбірек оқыңыз