Қазақстанда 1 миллион адамға жасанды интеллект технологияларын оқыту жоспарлануда

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын меңгеру бойынша ауқымды білім беру бағдарламасын ұсынды. Алдағы 5 жыл ішінде елімізде 1 миллион адамды осы заманауи технологиялар саласында оқыту жоспарланып отыр.

Бағдарлама аясында төмендегідей топтар қамтылады:

  • 500 мың мектеп оқушысы, болашақ цифрлық дәуір мамандарын ерте жастан дайындау мақсатында;
  • 300 мың студент, жоғары білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын меңгеруге бағытталады;
  • 90 мың мемлекеттік қызметші, заманауи технологияларды жұмыс процестерінде тиімді пайдалану үшін;
  • 80 мың кәсіпкер, бизнес саласында ЖИ шешімдерін қолдануды игеру үшін;
  • 30 мың халықтың басқа санаттары, оның ішінде технологияларға қызығушылық танытқандар.

Бұл бастама елдің цифрлық экономикасын дамытуға, еңбек нарығын заманауи талаптарға сәйкестендіруге және жасанды интеллект саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Көбірек оқыңыз