Қазақстанда алғаш рет «Jas Kenes Siylygy» жас мамандар байқауы өтеді.

Астанада «Jas Kenes Siylygy» жаңа жобасының тұсауы кесілді. Байқау – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес белгілейтін тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл бастама жас мамандарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған,-деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Jas Kenes Siylygy» байқауына 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтініштер 2024 жылғы 18 маусым мен 21 шілде аралығында https://www.jaskenes.kz/application ресми сайтында қабылданады. Қатысушылар ұсыныс хат қалдырып, жеті санаттың біріне өтініш беруі керек. Іріктеуден кейін әңгімелесу өтеді, онда әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. Лауреаттар сыйлық ретінде 1 миллион теңге алады.

«Jas Kenes Siylygy» басқа  байқаулардан ерекшелігі – басшылар мен топ-менеджерлердің қатысуына жол бермейді. Жоба қазақстандық қоғамның негізгі секторларында жұмыс істейтін жас мамандарға бағытталған. Марапаттың мақсаты - олардың еңбектерін ынталандыру және бағалау. Себебі, бұл тенденция көбінесе көпшілігінің назарынан тыс қалып барады. Бұл ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Әділ Құсманов растады.

Көбірек оқыңыз