Қазақстанда экотуризмге сұраныс артты.
Қазақстанда экотуризмнің танымалдылығы күн сайын артып келеді. Бүгінде елімізде туристік маршруттар тұрақты жұмыс атқарады. Сондай-ақ виртуалды турлар тұрақты бизнес ретінде дамып, заңнамалық база жетілдірілу үстінде.
Өткен жылдың соңында ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келген. Бүгінде ел бойынша 16 келушілер орталығы жұмыс істейді, оның 7-і ұлттық саябақтарда орналасқан. Соңғы бір жылда «Алтын Емел», «Шарын» және «Іле-Алатау» ұлттық саябақтары 3 жаңа туристер орталығымен толықты.
Туризм саласындағы бастамалардың бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға мүмкіндік беру. Бұл 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.