Қазақстанда су тасқынын ғарыштан болжау жүйесі енгізілмек
Үкіметтің отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі су тасқынын ғарыштан бақылау үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жүйенің тестілік нұсқасы 1 желтоқсанда іске қосылуы жоспарланып отыр.
Су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Ол жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрады. Министрлік Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктерімен бірлесіп су тасқынын болжау мен модельдеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеп, бекітті. Осылайша, жүйені тестілік режимде іске қосу осы жылдың 1 желтоқсанында жоспарлануда, - деді Цифрлық даму министрі.