Қазақстанда жолаушылар пойызына алғаш рет Starlink интернеті қосылды

Елімізде алғаш рет жолаушылар пойызында Илон Масктің Starlink спутниктік интернеті іске қосылды. Жоба Цифрландыру министрлігінің бастамасымен қолға алынып отыр.

Министр Жаслан Мадиевтің айтуынша, бұл тек алғашқы қадам:

«Жобаның қорытындысын шығарып, тиімділігін бағалаймыз. Егер оң нәтиже берсе, Starlink басқа бағыттардағы пойыздарға да орнатылады», – деді ол.

Қазіргі уақытта министрлік теміржол саласын цифрландыру бойынша бес негізгі бағытқа назар аударуда:

  • мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру;
  • бизнес-процестерді оңтайландыру;
  • инновациялық экожүйе қалыптастыру;
  • пойыздарды интернетпен қамтамасыз ету;
  • транзиттік жүк тасымалын онлайн бақылау жүйесін енгізу.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда OneWeb спутниктік интернеті де сынақтан өткен болатын. Ол Talgo пойыздарында – №3/4 (Астана – Алматы) және №67/68 (Астана – Өскемен) бағыттарында тексерілген. Сынақ барысында арнайы қайта бапталған мультимедиялық жабдық арқылы интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен, ал кідіріс шамамен 70 мс болған.

жаңалықтар
Көбірек оқыңыз